КО аясындағы мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясатты реттейтін келісім ратификацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КО аясындағы мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясатты реттейтін келісім ратификацияланды

КО аясындағы мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясатты реттейтін келісім ратификацияланды

ҚР Парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні жалпы отырысында «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімшартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 8 Маусым 2011
  • 323
Фото - Caravan.kz

Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттер келісімшартпен өздеріне бірқатар міндеттер алады, атап айтқанда, сатып алулар саласындағы қарым-қатынасты тек сатып алушы тараптың сатып алулар туралы заңнамасының негізінде реттеу, веб-портал ашып, ондағы ақпаратқа еш кедергісіз және тегін кіру, осы веб-порталда сатып алушы тарап мемлекетінің сатып алулар туралы нормативтік-құқықтық актілерін жариялау, ұлттық режим беру, сатып алулар саласында ұлттық бақылаушы органдарды құру міндеттері алынған.

«Келісім сатып алудың бес әдісін қарастырады», — деді қаржы министрі Болат Жәмішев сәрсенбі күні заң жобасын мәжілісте ұсынып отырып.

«Бірінші әдісі – аукцион. Бұл мемлекеттік сатып алудың негізгі тәсілі, және мемлекеттік портал арқылы тек электрондық форматта жүргізілетін болады. Екінші тәсілі – конкурс. Ол да электрондық форматта Қазақстанда қолданыстағы процедуралармен жүзеге асырылады. Үшінші әдіс – баға ұсыныстарын сұрастыру. Ол баға шегі әр мемлекетпен бекітілген тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қолданылады. Төртінші тәсіл — биржалық сауда. Аталған әдіспен сатып алулар мемлекеттердің тауарлық биржалары туралы заңы бойынша анықталады. Бесінші әдіс – бір көзден сатып алу», — деді министр.

Құжатпен сондай-ақ ұлттық режимді қамтамасыз ету, сатып алулардың әдісі мен тәртібін, сатып алулар туралы келісімшарт жасау тәртіптерінің ерекшелігі айқындалады.

Келісімге 2010-шы жылы 9-шы желтоқсанда Мәскеуде қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар