КО бірқатар украиналық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КО бірқатар украиналық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салды

КО бірқатар украиналық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салды

Кеден одағына мүше-мемлекеттердің ұлттық ветеринарлық органдарының өкілдері көптеген украиналық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салды, делінген Россельхознадзордың сайтындағы ақпаратта.

  • 13 Шiлде 2011
  • 708
Фото - Caravan.kz

Оған сәйкес, Ресей, Беларусь және Қазақстанның ауыл шаруашылық министрліктерінің қадағалаушы мекемелерінің өкілдері қатысқан келіссөз барысында Украинаның алты кәсіпорны — «ПО «Молис» ААҚ (сүт өнімдерінің өндірісі), «Компания «Зевс ЛТД»ААҚ(ірі қара малды сою), «Мясокомбинат «Заря»ЕК(ірі қара мал және шошқа сою, «Белоцерковский молочный комбинат»ААҚ, «Конотопмясо» БАҚ (ірі қара мал, шошқа сою, сиыр және шошқа етін бөлу, сақтау), «Молочный Дом» ААҚ-ына инспекция кезінде аталған кемшіліктерді жойғанша бір күнтізбелік айдың ішінде өнімдерді жеткізуге уақытша шектеу енгізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен бірге, КО мен Ресейдің ветеринарлық-санитарлық нормаларын орындауы қуатталмағанына байланысты 22 кәсіпорынды инспекциядан өткен жоқ деп есептеу және осыған сәйкес ол кәсіпорындардың өнімдерін КО аумағына әкеліге уақытша шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды: «Спартак» ААҚ (ірі қара мал сою), «ИНТЭР ФУД» ААҚ-ның Крыжопольский филиалы, «Элитекс» ААҚ (дайын ет өнімдерінің өндірісі), «Комплекс Агромарс» ААҚ (құс етін бөлу, өңдеу, сақтау, қаптау), «Производственно-комерческое предприятие «Прилуки-Агропереработка» ААҚ (ірі қара мал, шошқа сою), «Звенигородский сыродельный комбинат» ЖАҚ, «Жашковский маслозавод» БАҚ, «Литинский молочный завод» ЖАҚ, «Ичнянський молочно-консервный комбинат» БАҚ, «Купянский молочноконсервный комбинат» БАҚ, «Свиженька» ААҚ, «Мясоперерабатывающий комплекс ЛТД» ААҚ.

Қазіргі уақытта жеткізуші-кәсіпорындар реестріне келесі кәсіпорындарды енгізуге болмайды: «Вимм-Билль-Данн Украина» БАҚ (сүт өнімдерінің өндірісі), «Вимм-Билль-Данн Украина» БАҚ филиалы — «Харьковский молочный комбинат», «АПК-ИНВЕСТ» ЖАҚ , «Заготзбут» ААҚ, «Переяславский экспериментальный комбинат хлебопродуктов» ААҚ, «Тавр Плюс» ААҚ, «Дружба народов Нова» ЖАҚ. «Литинский мясокомбинат» ААҚ, «Заготсервис» ААҚ, «Эрмий» ААҚ.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша РФ-да мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу құқығын небәрі үш кәсіпорын үшін сақтап қалу туралы шешім қабылданды, олар — «Техмолпром» ААҚ (сүт өнімдерінің өндірісі), «Хмельницкая маслосырбаза» ЖАҚ (сүт өнімдерінің өндірісі) «Птицефабрика Снятинская Нова» серіктестігі (қаз өсіру, дайын өнімдер шығару). Сондай-ақ, үшінші елдердің реестріне «ВМП» ААҚ (шошқа сою) енгізілді.

Соңғы жаңалықтар