КО мен БЭК құру жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КО мен БЭК құру жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр

КО мен БЭК құру жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр

Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр, деп мәлім етті ҚРпремьер-министрі Кәрім Мәсімов Мәскеуде «Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнестің мүдделері» деген тақырыптағы бизнес-форумның қорытындысы бойынша.

  • 13 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жедел қарқынмен жүргізіліп жатқаны сонша, бизнес қабылданған шешімдерге үн қатуға үлгере алмаған кездер болды», — деді К.Мәсімов.

Бұдан басқа, үкімет басшысы 2012 жылдың 1 қаңтарынан БЭК күшіне енетініне назар аударды.

«Бұл – бірыңғай бәсекелестік саясат, тауарлардың, капиталдар мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы. Бұл — мүлдем жаңа теңдессіз жағдайлар, біз бұған жақсы дайындалып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіспіз.

«Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнестің мүдделері» деген тақырыптағы конференцияның аясында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері үкімет басшыларының үшжақты кездесуі өтті.

Онда Қазақстан, Ресей және Беларусь премьерлері Кәрім Мәсімов, Владимир Путин және Михаил Мясникович 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет ете бастауына байланысты мәселелерді, БЭК аясында ортақ нарық құрудың маңызды мәселелерін талқылап, Кеден одағының аумағындағы экономикалық интеграция проблемаларын қарады.

Соңғы жаңалықтар