Көбісі балалар: Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көбісі балалар: Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артты

Көбісі балалар: Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артты

Елімізде қызылша ауруын жұқтыру деректері өсті. Бүгінде қызылша жұқтырғандар саны 3 мыңнан асады.

  • 10 Тамыз 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың сөзінше, елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен.

Сырқаттанғандардың дені -балалар. Олар қызылшаға қарсы жоспарлы екпе салдырмаған.


“Бүлдіршіндердің қызылшамен ауырған науқастар арасындағы үлесі 72% болса, оның 60%-ының ата-аналары вакцинациядан бас тартқан. 20%-ының егуге медициналық қарсы көрсетілімі болған, қалған 20% егу жасына жетпегендіктен алмаған”, — деп атап өтті вице-министр.