Кодекстер мен заңдарға экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кодекстер мен заңдарға экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Кодекстер мен заңдарға экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Ертең, 31 мамыр күні, Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

  • 30 Мамыр 2011
  • 630
Фото - Caravan.kz

Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынады.

Заң жобасы экологиялық таза өндірістерді дамытуға, эмиссия көлемін азайтуға, сонымен қатар экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы тиімді іс-қимыл жасауға және экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті қүшейтуге бағытталған.

Осы заң жобасымен Экологиялық, Қылмыстық, Салық, Бюджет кодекстерге, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекске және басқа заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған.

Сонымен қатар заң жобасында экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша құқық қолдану практикасын жақсартуды көздейтін өзгерістер енгізіледі.

Жинақталған қалдықтардың көлемін азайтуды ынталандыру үшін заң жобасында Салық кодексінде жинақталған көлем үшін төлем алудың жаңа тетігін қолдануды қөздеу ұсынылып отыр.

Үкімет әзірлеген заң жобасы Мәжіліске 2011 жылы 12 қаңтарда келіп түскен. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Владимир Нехорошев жетекшілік етеді. 10 ақпанда бас комитеттің қаулысымен жұмыс тобы құрылды. Бұл топқа депутаттар Ерболат Әпсалямов, Асхат Бекенов, Қылышбай Бисенов, Қабиболла Жақыпов, Ирак Елекеев, Алияр Жарасбаев, Төлеген Ибраев, Құттықожа Ыдырысов, Александр Милютин, Мұхтар Тінікеев мүше болып енген.

Заң жобасының мақсаты жөнінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім баяндама жасайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар