Көгалдағы хоккей: «Сырдария» командасы топ басына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көгалдағы хоккей: «Сырдария» командасы топ басына шықты

Көгалдағы хоккей: «Сырдария» командасы топ басына шықты

Көгалдағы хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасына қатысып жатқан Қызылорда облысы Сырдария ауданының «Сырдария» командасы соңғы тур ойындарының қорытындысы бойынша бірінші орынға шықты.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 752
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл жолы турнир Ресейдің Қазан қаласында ойналды. Осында өткізілген чемпионаттың бірінші айналымы ойындарының қорытындысы бойынша сырдариялықтар топ бастады. Ал турнирге «Динамо» (Қазан), «Динамо-Электросталь» (Мәскеу), «Динамо» (Мәскеу), «Динамо» (Самара облысы), «Тан» (Дондағы Ростов), «Динамо» (Санкт-Петербург ) және және «Сырдария» спорт клубтары қатысты. Жарыста бес команданы ұтқан Қызылорда облысының аудандық командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Мәскеудің «Динамо-Электросталь», үшінші орынды Самара облысының «Динамо» командасы иеленді. Ал төртінші орынға Қазан каласының «Динамо» командасы табан тіреді.

Бірінші айналымның қорытындысы бойынша сырдариялық Нұрхан Сансызбаев «Үздік шабуылшы» аталымымен марапатталды. Команданы ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек Қобыландин жаттықтырады.


Айта кетейік, тамыз айында Алматы облысында өткен көгалдағы хоккейден ҚР Кубогі ойындарында Сырдария ауданы бірінші орынды иеленген болатын. Ресейдің ашық чемпионатының II айналымы келесі жылдың наурыз айында Дондағы Ростовта өткізілсе, III айналымы 2014 жылғы қыркүйек айында Санкт-Петерборда, IV айналымы қазан айында Мәскеуде болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера