«Когалымавиа» әуе компаниясының ұшағы апатынан Қазақстан тумасы ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Когалымавиа» әуе компаниясының ұшағы апатынан Қазақстан тумасы ажал құшты

«Когалымавиа» әуе компаниясының ұшағы апатынан Қазақстан тумасы ажал құшты

31 қазанда Синай түбегінде болған «Когалымавиа» ресейлік әуе компаниясына тиесілі ұшақ апаты Брянск қаласының 46 жастағы тұрғыны Елена Томинаның өмірін қиды, деп хабарлайды «Комсомольская правда».

  • 3 Қараша 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Ол аталмыш рейстегі басқа жолаушылар сияқты, шипажайдағы демалысынан соң үйіне оралып келе жатқан.

Елена Томина Қазақстанда туған, кейіннен Брянск қаласына қоныс аударған. Шамамен бес жыл бұрын ол Брянскіден Түмен қаласына, ал одан соң Санкт-Петерборға көшіп барған, бұл қалада оның қызы оқыған. Елена Мысырға демалуға қызымен бірге баруды жоспарлаған, алайда қызы оқудан босай алмаған. 

Ленинград облысында Елена Томина SOS балалар ауылында тұрып, еңбек еткен, жетім балаларды бауырына басқан.

Мүрдесін таныған соң Еленаны туыстары Қорған облысына апарып жерлемек.

Еске салайық, Шарм-эш-Шейхтан Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А321 әуе кемесі сенбі күні Мысырда апатқа ұшырады. Оның бортында болған 224 адам қаза тапты. Арасында 17 бала мен 200 ересек адам болған жолаушылар Мысырдағы демалыстан оралып келе жатқан Brisco туроператорының туристері болған.


Ажал құшқандар негізінен Санкт-Петербор қаласының, Ленинград, Новгород, Тамбов, Псков областарының, сондай-ақ Беларусь және Украина елдерінің азаматтары болған.

Соңғы жаңалықтар