"Қоғамды дүр сілкіндірген мәселе болған кезде, басын жерге тыққан түйеқұстай тығылып қалады": Жан Ахмадиев қазақ әншілері туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қоғамды дүр сілкіндірген мәселе болған кезде, басын жерге тыққан түйеқұстай тығылып қалады": Жан Ахмадиев қазақ әншілері туралы

"Қоғамды дүр сілкіндірген мәселе болған кезде, басын жерге тыққан түйеқұстай тығылып қалады": Жан Ахмадиев қазақ әншілері туралы

Танымал рэпер, құқық қорғаушы Жан Ахмадиев өзінің ойын Qazaq.Airan жобасында айтып берген.

  • 3 Желтоқсан
  • 22
Instagram/Qazaq.Airan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, қазақ әншілері қоғамды дүр сілкіндіретін мәселелерден қашып, өз ойын айтуға қорқады екен.

«Әншілердің басты мақсаты тек ақшамен байланысты, олармен бірге жүргеннен кейін көріп жүрміз ғой. Оларға бәрін айтпай-ақ қояйын, көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, десе де олардың басым бөлігіне қазақтың тағдыры қызық емес сияқты болып көрінеді.

Қоғамды дүр сілкіндіретіндей мәселе болған кезде, олардың тығылып қалатыны, басын жерге тыққан түйеқұстай. Олар үлкен адамдармен араласқандықтан, оларға шын мәнінде айтпа деп ешкім айтпайды. Олар шын мәнінде қорқақ болып келеді.

«Осы мәселеге қатысты айтып берші» десең, «Жоқ мен саясаткер емеспін ғой, әншімін» дейді. Мен айтамын сен де Қазақстанда тұрасың ғой деймін. Сен де ҚР азаматысың, сен де осы халықтың арқасында күн көріп жүрсің деймін. Біздікі той ғой дейді, басқа не дейсің оларға», -деді ол.

Перейти к новостям спорта