«Кө*іне кіре алмаймын, кө*ін жалай алмаймын»: Олимпиада жүлдегері Шымкенттегі спорт саласындағы былықтарын айтып көзіне жас алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Кө*іне кіре алмаймын, кө*ін жалай алмаймын»: Олимпиада жүлдегері Шымкенттегі спорт саласындағы былықтарын айтып көзіне жас алды

«Кө*іне кіре алмаймын, кө*ін жалай алмаймын»: Олимпиада жүлдегері Шымкенттегі спорт саласындағы былықтарын айтып көзіне жас алды

Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев Шымкентте жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтінін, 13 жыл бойы спорт саласында ешқандай қызметке орналаса алмай келе жатқанын мәлімдед

  • 12 Шiлде 2023
  • 812
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жұмыс істеуге біздің Шымкентте ешқхһандай мүмкіндік жоқ. Жұмысты тек байдың балдары мен әкімнің, дөкейдің балдары істейді. Солар спорт басқармасында бастық болып отырады. Жоғары жақтан айтатын кісілер жоқ. Айтатын кісілер де таныстары шығар.

Бауыржан Тұманбаев деген кісі екі жылдан асты Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы. Сол кісі өткенде Еркебұлан бір спортшкол босайды, соған әрекетіңді жаса деп қуантып қойып еді. Бір емес екі спортшкол босады. Екеуіне де өзінің бұрынғы шәкірттері, бұрынғы сүмелектерін әкеп отырғызып қойды. Біз тағы да шеттеліп қалдық. Осылай келе жатқанына 13 жыл болды. Түсінбей жатырмын мен. Қалай бұл? Не істеу керек? Менің мінезім сәл тік. Ешкімнің көтіне кіре алмаймын, көтін жалай алмаймын. Ондай қасиетім де жоқ. Олимпиадан да келген кезде небір байдың балдары араласқысы келді, араласты да. Жалап жүрді әр жерімізді, кейін өздерімен өздері жоқ боп кетті», — дейді ол.


Боксшы 2008 жылы Бейжің олимпидасында жеткен жетістігінен кейін мемлекет тарапынан сыйға берілген 2 бөлмелі пәтердің де тек көзбояушылық болғанын да жайып салды.

«2008 жылы Оңтүстік Қазақстан спорт басқармасының ұйымдастыруымен, телевидениенің қатысуымен үлкен іс-шара өтті. Маған «Оңтүстік Қазақстан облысының жыл спортшысы» атағы берілді. Сол жерде маған 2 бөлмелі пәтердің кілтін берді. Оны 3-4 телеарналардан көрсетті. Бірақ, бәрі көзбояушылық болды, пәтерді алмадым. Негізі үйге дейін апарып көрсеткен еді. Сантехника жұмыстары жасалып жатыр деді. Бірақ арада 2-3 ай өткен соң мынаған пәтер ал деп 1,5 миллион теңге берді. Ол кезде 1 бөлмелі пәтердің өзі 7-8 миллион теңге тұратын. Бергенін алып, әлі талай пәтер аламын деп өз-өзімді жұбаттым», — дейді Еркебұлан Шыналиев.