Көк тиын ақшасы жоқ аға баюды, 3-4 рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы болуды үйретеді - Қанат Әлжаппаров Айнұр Тұрсынбаева мен Ахметбек Нұрсила туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көк тиын ақшасы жоқ аға баюды, 3-4 рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы болуды үйретеді - Қанат Әлжаппаров Айнұр Тұрсынбаева мен Ахметбек Нұрсила туралы

Көк тиын ақшасы жоқ аға баюды, 3-4 рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы болуды үйретеді - Қанат Әлжаппаров Айнұр Тұрсынбаева мен Ахметбек Нұрсила туралы

Танымал әзілкеш, шоумен Қанат Әлжаппаров интернетте түрлі кеңес айтып, бақытты болудың құпиясын айтатын коучтарды сынға алды.

  • 15 Қаңтар
  • 336
Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ойын әзілкеш кезекті концерттерінің бірінде айтқан.

«Интернетті ашып қалсам, көк тиын ақшасы, я бизнесі жоқ аға баюдың жолын үйретіп отырады ғой бізге. Негізі бай адам үйретрейді ғой? 3-4 рет күйеуге тиіп келген апа, бақытты отбасы туралы айтып отырады ғой, миыңды ашып. Сөз бар ғой, қазақ жалқау халық деген.

Негізі бір жалқау емеспіз. Біздің сенгіштігімізді пайдаланып, бізге жұмыс істетпейді. Күректі алып, енді жұмыс істейін деп жатса, неге сен жұмыс істеп жатырсың, Шыңғыс ханның ұрпағысың сен деп айтады. Сол жерде күректі лақтырып жібересің, өйткені ханның тұқымысың ғой. Сол жерде Шағатайдың інісі болып кетесің ғой. Сондықтан біреудің өсегіне сенбей, өзіміз үшін тірлік істеп жүрсек, біз әлемдегі ең бай ел боламыз деп ойлаймын», — деді ол.

Халық Қанат Әлжаппаров Айнұр Тұрсынбаева мен Ахметбек Нұрсиланы меңзеген деп болжады.