Жас әншінің бұлай сынның астына қалуына желіге жартылай жалаңаш суретін жүктеуі себеп болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің өзі бұл суретіне ағылшынша қысқаша ғана жазба қалдырған. Қазақшаға аударғанда ол: "Ғажайыптың бәрі осында" деген мағынаны білдіреді.
Жас әншінің аталған суретін желіге жүктегені сол еді, көпшілік оны қатаң сынға алған. Олар:
"Америка саған жаман жағынан әсер еткен-ау, әйтепесе мына түріңді қалай түсінсе болады?", "Іш киімнің ішіне ақшаны салу жақсы әрекет емес, жиіркенішті", "Бұлай жартылай жалаңаш шешінудің қажеті жоқ Данелия, алдымен сен қазақтың қызысың, соны ұмытпа", "Көкірек өсіргенін көріп "жап-жас неге сонша" деп едім. Сосын ашық-шашық фотолар басталды. Ал енді мынау, айтпаса да белгілі боп тұр не деп тұрғаны" деп жазды олар.