Көкпардан әлем чемпионаты: Түркістанда өтетін жарысқа Қырғызстан құрамасының келмейтіні рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.99
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпардан әлем чемпионаты: Түркістанда өтетін жарысқа Қырғызстан құрамасының келмейтіні рас па

Көкпардан әлем чемпионаты: Түркістанда өтетін жарысқа Қырғызстан құрамасының келмейтіні рас па

15-21 наурыз аралығында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында көкпардан әлем чемпионаты өтеді.

  • 12 Наурыз
  • 109
Фото: www.instagram.com/kokparfederation

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Көкпар федерациясының мәлімдеуінше әлемдік додаға 9 ұлттық құрама өтінім берген. Олар: Ауғанстан, Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Мажарстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия.

Тізімде Қырғызстан елі жоқ. Қазақстан көкпар федрациясының атқарушы директоры Ғани Дүйшенов арнайы шақырту бір ай бұрын жіберілсе де, әлі күнге дейін ресми жауаптың келмегенін айтады.

«Қырғыз ағайындарға екі рет делегация жібердік. Келіссөздер жүргізілді. Барлық мемлекетке әлем чемпионатына қатысу туралы шақырту бір уақытта жіберілді. Ниет білдіріп, қатысамыз дегендер өтінім жолдады. Қырғызстан елі әлі ресми жауап берген жоқ. Бірақ, өткен жұма күні телефон арқылы «қатыспаймыз» деген хабар алдық», — дейді ол.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы финалдық ойын жанжалмен аяқталған еді. Қазақстан құрамасын марапаттау басталған сәтте қырғыз спортшылары күміс медальді шешіп, кетіп қалған болатын.