Көкпектідегі апатқа қатысты тергеліп жатқан кәсіпкерлер наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпектідегі апатқа қатысты тергеліп жатқан кәсіпкерлер наразылық білдірді

Көкпектідегі апатқа қатысты тергеліп жатқан кәсіпкерлер наразылық білдірді

Бүгін Көкпектідегі апат бойынша тергеліп жатқан кәсіпкерлер Алматыда бас қосып, құқық қорғау орындарына деген наразылықтарын жеткізді. Айта кетсек, былтыр наурыз айында Қарағанды облысында ірі су қоймасының бөгеті жарылып, тасқын салдарынан 5 адам қаза тауып, 10 шақты тұрғын жараланған еді. Сондай-ақ 300-дей үйді су шайып кеткен.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 259
Фото - Caravan.kz

Бір жарым жылдан артық жүргізілген тергеу барысында бөгет жанындағы кішігірім су қоймаларының қожайындарынан жауап алынып, олардың мүлкіне тыйым салыныпты. Арнайы комиссия анықтаған материалдық шығын көлеміне тең болатын Владимир Крючковтың шаруашылығы мен дүние-мүлкіне қазірше тыйым салынып отыр. Сот оны Көкпекті апатына кінәлі деп тапса, онда 1 млдр 400 млн теңгенің мүлкі мемлекет пайдасына жұмсалмақ. Бірақ кәсіпкер істі жүргізген прокурорлар тек оны айыпты етіп көрсететін құжаттарды ғана жинастырды деп отыр.

Владимир Крючков, «Табиғат-ХХI» ЖШС құрылтайшысы:

Біздің өңірдегі барлық су бөгеттерінің жағдайы мәз емес. Жылдар бойы шара қолдану қажет деген хаттарды тиісті мекемелерге жолдадым. Ендігі кезде мені айыпты деп табу арқылы келтірілген шығын көлемін менің бизнесіммен жаба салмақ. 

Соңғы жаңалықтар