Жарияланды: 360

Көкшетау әкімдігі "ҚазРосИнвестжоба" салымшыларына митинг өткізуге рұқсат бермегенін мәлімдеді

Көкшетау әкімдігі "ҚазРосИнвестжоба" ЖШС шағын несие ұйымының салымшыларына митинг өткізуге рұқсат бермегенін мәлімдеді.

"Митингге ешкім рұқсат бермеді", -деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әсия Нұртазина атап көрсетті. Оның айтуынша, салымшылардың өкілі өтінішті тек тіркеп қойған, бірақ қала басшыларының ешқайсысының қабылдауында болмаған. "Сондықтан митинг өткізу туралы өтініш заңды болып табылмайды", дейді Ә.Нұртазина. Қала әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлимованың "Интерфакс-Қазақстан"агенттігіне мәлімдеуінше, митинг өткізу туралы шешім қабылдау үшін 10 күн қажет. Қазіргі кезде шағын несие ұйымының кеңсесі орналасқан "Алатау" сауда үйінің ғимаратына қарай полиция мен прокуратура өкілдері келді. Бүгін "ҚазРосИнвестжоба" салымшыларының бірі Сәуле Нұрғалиева "ИФ-Қазақстан" агенттігіне Көкшетау әкімдігі митинг өткізуге рұқса берді деп мәлімдеген болатын. "ҚазРосИнвестжоба" шағын несие ұйымы" ЖШС төңірегіндегі дау-дамай 26 мамыр күні осы ұйым салымшыларының ұйымды полиция әрекетінен қорғай бастағанда туындағаны мәлім. Салымшылар мен құқық қорғау органы қызметкерлерінің арасында жаға-жыртыс орын алды. Адамдар жедел топқа ЖШС-не қарсы қозғалған қылмыстық топты тексеруге кедергі келтірмек болды. "ҚазРосИнвестжобада" 100 мың теңге салған әрбір адамға біраз уақыттан кейін 400 мың теңге беруді уәде еткен. Сәрсенбі күні осы шағын несие ұйымының жоба инвесторы Б.Әділова Қылмыстық кодекстің 3-бөлім, 177-бабы бойынша (ұйымдасқан топ жасаған ірі көлемдегі алаяқтық) ұсталды. Бүгін компания кеңсесінің маңында жүздеген салымшы қайта жиналды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть