"Көкшетау әуекомпаниясы" президенті орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көкшетау әуекомпаниясы" президенті орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

"Көкшетау әуекомпаниясы" президенті орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Көкшетау. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облыстық ҰҚКД қызметкерлері "Көкшетау әуекомпаниясы" президенті орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

Жедел іздестіру шараларының барысында белгілі болғанындай, ағымдағы жылдың маусым және тамыз айлары аралығында «Көкшетау әуекомпаниясы» президентінің орынбасары мен «Мәдениет» және «Раисовское» ЖШС арасында химиялық жұмыстарды жүргізу жөнінде шарт жасалынған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Көкшетау әуекомпаниясы» АН-2 маркалы 15 ұшақты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының 11 ауылшаруашылығы кәсәіпорнында авиахимиялық жұмыстарға пайдаланған.

«Авиахимиялық жұмыстарға жасалған талдау әуекомпаниясының бухгалтериясында көрсетілген мәліметтер мен АН-2 ұшақтарының экипаждарының нақты ұшқан уақытына қатысты мәліметтердің сәйкес келмейтінін көрсеткен. Тексеру барысында атқарылған нақты авиахимиялық жұмыстардың нақты көлемі «Көкшетау әуекомпаниясы» бухгалтериясында көрсетілген көлемнен біршама артық кәсіпорындар анықталған. Сонымен бірге президент орынбасарының іс жүзінде атқарылған жұмыстардың көлемін жасыру және әуекомпаниясында есепке алынбаған 8 млн теңгені иемденіп алуға талпыныс жасағанын дәлелдейтін деректер бар», — делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша «Көкшетау әуекомпаниясы» президенті орынбасарының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы және 177-бабының 3-тармағының «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Яғни, күдікті өзінің қызмет бабын пайдалану және сенімді теріс пайдалану арқылы басқаның аса ірі көлемдегі мүлкін ұрлауға бірнеше мәрте әрекет жасаған», -деп хабарлайды ҰҚКД.

Арнаулы қызметтің ақпаратына сәйкес, 18 қарашада қылмыстық іс облыстық прокуратураға өткерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар