деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, кеше облыстық ішкі істер департаментінің кезекшілік пультіне құрылысы жүріп жатқан емханаға жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түскен.
«Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ», — делінген хабарламада.
Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 18 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.