Көкшетау: митингіні ұйымдастырушылардың бірнеше белсендісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау: митингіні ұйымдастырушылардың бірнеше белсендісі ұсталды

Көкшетау: митингіні ұйымдастырушылардың бірнеше белсендісі ұсталды

Көкшетау полициясы бейсенбі күні «Алатау» сауда орталығында орналасқан шағын несиелік «Казросинвестпроект» мекемесін шабуылдаған сол мекеменің салымшыларын облыс әкімдігінің ғимаратына жақындауға мүмкіндік бермеді; митингіні ұйымдастырушылардың бірнеше белсендісі ұсталды.

  • 27 Мамыр 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

Агенттік тілшісі хабарлағандай, бейсенбі күні кешкісін қаланың күш құрылымдарының өкілдері «Казросинвестпроект» ЖШС құжаттары мен ақшасын қамауға алуға әрекеттенді. Бірақ ғимаратты сыртынан да ішінен де қоршап алған салымшылар құжаттар мен ақшаны алып кетулеріне күш құрылымдарына мүмкіндік бермеді. Содан кейін полицейлер ақша мен құжаттарды салымшылардың өкілдерінің көзінше сейфке салып, сыртын мөрлеп, таңертең аудит жүргізуге уәде берді. Полицейлер салымшыларды тарауын сұрады, бірақ салымшылар ғимаратты таң атқанша күзететінін айтып, ешқайда тарқамады.

Келіп түскен мәліметтер бойынша, журналистердің кетісімен 15 минут өткен соң, агенттік тілшісіне «Казросинвестпроект» ЖШС директоры Маржан Мұқанова телефон шалып, ғимарат ішінде салымшылар мен арнайы жасақ күштерінің арасында қақтығыс басталғанын жеткізді. Арнайы жасақ күшпен сейфті алып кетуге тырысқан. Түнгі 1-лер шамасында БАҚ өкілдері келгенде сыртта 300-дей күш құрылымдарының өкілдері жүр екен, көше толығымен қоршалыпты. Ғимараттың ішінде барлық терезелер мен есіктер сынған, және сейф жоқ болып шықты.

Куәлардың айтуынша, салымшылар сейфті күштеп әкетуіне қарсылық көрсету кезінде жүкті әйел соққыға жығылыпты. Одан соң полицейлер жасақтарымен қатар тұрып, «тірі дәліз» жасап, есікті сындырып, сейфті алып шығыпты. Одан соң салымшылар облыстық ғимаратқа жаяу аттаныпты. Бірақ көшенің барлығын полицейлер жауып тастаған екен. Салымшылар мен полицейлердің арасында орын алған қақтығыс кезінде, куәлардың айтуынша, полицейлер бірнеше белсенділерді салып алып, белгісіз жаққа әкетіпті.

Еске салсақ, бейсенбі күні 8 мың адам соңғы бірнеше ай бойына «Казросинвестпроект» ЖШС жұмыс істеген «Алатау» сауда орталығын шабылдады. Бұл мекеме лицензиясыз жұмыс істеген. Халықтан қарызға ақша алып, бір айдан соң 3,5 есе артығымен қайтарып отырған. Одан соң жақында осы мекеме жұмысына шағым түскен.

Соңғы жаңалықтар