Көкшетау, Павлодар, Қостанай оқушылары аяз салдарынан сабаққа бармады
Қазақстанның бірқатар қалалары мен аймақтарында сейсенбі күні үскірік аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды. |
Мәселен, Көкшетауда 32 градус аязға байланысты 1-9 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ тоқтатылды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық білім беру бөлімі мәлімдеді.
Ауа температурасы минус 35 градустан төмендеген облыстың басқа аудандарында да сабақ тоқтатылды.
Бүгін Павлодар облысында таңертең минус 33 градус аяз салдарынан 1-9 сынып оқушыларына сабақ жоқ. Қостанайда да минус 27 градус аяз салдарынан бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары оқымайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін