Жарияланды: 490

Көкшетау: салымшылар мен полиция арасында қақтығыс болды

Көкшетауда «ҚазРосИнвест» ЖШС» несие ұйымының салымшылары мен полиция арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі.

ЖШС-тің құжаттарын сауда үйінен алып шығу үшін полицейлер күш қолдануға мәжбүр болды. Салымшылар серіктестік ғимараты орналасқан «Алатау» сауда үйін қанша торуылдаса да полицейлер құжат салынған сейфті алып кетті. Агенттік тілшісінің айтуына қарағанда, полицейлер де, салымшылар да ашуға мінген. Ашынған топ ішінде бірнеше рет төбелес болды, жарақат алғандар да баршылық. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облыстық ІІД-і алдын ала келісім бойынша алаяқтықпен айналысты деген айыппен «ҚазРостИнвестпроект» шағын несие ұйымы» ЖШС-нің үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын. Сол күні серіктестіктің жүздеген салымшысы «Алатау» сауда үйінің алдына жиналып, ұйымның жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуді талап етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін