Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy- на сілтеме жасап.
Қол қою рәсімі Энергетика министрлігінде өткен. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, Ресей тарапынан «ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШҚ, ал, Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго»АҚ уәкілетті ұйым болып бекіген.
«Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді», — дейді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.