Көкшетау тұрғыны 5 жасар қызымды зорлады деп көршісін айыптауда - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау тұрғыны 5 жасар қызымды зорлады деп көршісін айыптауда

Көкшетау тұрғыны 5 жасар қызымды зорлады деп көршісін айыптауда

Көкшетау тұрғыны 5 жасар қызымызды зорлады деп көршісін айыптауда. Жәбір көрген бүлдіршін болған жайты екі апта бойы жасырып, ақыры әжесіне айтқан көрінеді. Бірден полиция шақыртылып, айыпталған 35 жастағы жігіт қамалған. Бірақ іле-шала ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылыпты. Ал бүлдіршінге психологтар көмек көрсетуде. 

  • 3 Қазан 2013
  • 509
Фото - Caravan.kz

Биыл даярлық тобына барып, мектеп табалдырығын енді аттаған немересінің айтқан әңгімесі әжесінің төбесіне жәй түсіргендей болды. Кішкентай Айнұр көршісінің өзі құралыптас қызымен жаз бойы бірге ойнапты. Енді міне, далаға шығудан да қорқып отыр. 

Айнұр, жәбірленуші:

— Нұрайканың папасы Нұрайканы далаға жіберді, мені спальныйға кір деді. Кірдім. Сосын бәрін шешті. Өзі шешті. Бірінші қолымен, сосын пипискасымен тиді.

Мынандай сұмдықты естіген Айнұрдың әжесінде ес қалмаған. Немересі соңғы екі апта бойы үйден шықпай, тіпті түнде шошынып оянатынды шығарыпты. Бірақ дәл осындай жамандық ойыма келмепті дейді кейуана. Болған жағдайды естігеннен кейін дереу дәрігер мен полиция шақырған.

Айнұрдың әжесі:

Өте, бұдан ауыр жағдай жоқ. Өзім қорғай алмай тұрмын, қызға күш көрсетті. Кешіруге болмайтын жағдай. Кешірім болмайды ешқашан. Ақырына жеткізем, ақырына дейін жету керек. Жазалау керек.

Шағым түсісімен көршісін полиция алып кеткен. Бірақ кешікпей қоя беріпті. Қазір ол тып-тыныш жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді. Үйіне іздеп барғанымызда, келіншегі күйеуіме жала жабылды деп еңіреп қоя жіберді. 


Өз күнімізді өзіміз көріп, иә ешкімге ешқандай неміз жоқ. Ол алды да қызымызды зорлады деп кінә қойып жатыр. Күйеуім біреуді соғып кетті десе сенер едім, енді 6 жасар қызды зорлықтады деп отыр. Құдайдан қорықпай отыр.

Көп кешікпей осындай ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Қаныбектің өзі де келіп жетті. 

Қаныбек Есімов:

Ондай жағдай болған жоқ. Мен білмеймін де. Бір Құдай бар, Құдайға сенемін. Құдай сақтасын! Менде де кішкентай қызым бар.   

Кішкентай қызды зорлады деген Қаныбек Есімов қазір ешқайда кетпейтіні туралы қолхат беріп, бостандыққа жіберілген екен. Ал қыз баланың жапа шеккенін сот медициналық сараптамасы анықтап жатыр. Қандай да бір шара соның қорытындысан кейін қолға алынады деп сендірді полицейлер.