Бұл туралы аталған білім ордасының басшылығы мәлімдеді.
Мектеп басшылығының айтуынша, марқұмның жасы 50 жас шамасында болған. Аталған №11 орта мектепте 2-ші коррекциялық сыныптың мұғалімі болып қызмет істеген. Жан түршігерлік оқиға мұғалімнің өз үйінде болған. Неге екені белгісіз заңды күйеуі ұрып соғып, екі жерден — мойын және иық тұсынан пышақ салған.
Мұны облыстық ІІД баспасөз қызметі де растап отыр.
«Әзірге, ер адамның мұндай қылмысқа баруының себебі белгісіз. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп түсіндірді баспасөз қызметінен.