Көкшетауда 8 мыңдай адам «қаржы пирамидасы» істеген ғимаратқа шабуыл жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда 8 мыңдай адам «қаржы пирамидасы» істеген ғимаратқа шабуыл жасауда

Көкшетауда 8 мыңдай адам «қаржы пирамидасы» істеген ғимаратқа шабуыл жасауда

Халық арасында «миллионерлер клубы» деп аталып кеткен күдікті қаржылық ұйым маңайындағы жағдай ушыға түсті. Аз уақыттың ішінде салымшы ақшасын бірнеше есе көбейтуді уәде еткен  серіктестіктің Петропавлдағы бөлімшесінің жұмысы кеше тоқтатылған. Ал бүгін мекеменің Көкшетаудағы бас кеңсесі тексеріле бастады. Күдікті қаржы ұйымы мұнда үш ай бұрын ашылған. Осы уақыт ішінде 20 мың адам оған салымшы ретінде тіркеліп, пайда көрген деседі. Оңай олжаға кенелген олар енді ішкі істер органының  әрекетіне қарсылық білдіруде.

  • 27 Мамыр 2011
  • 489
Фото - Caravan.kz

Қару асынған тәртіп сақшылары шағын несие беру ұйымының есігін іштен жауып, тексеру жүргізіп жатыр. Салымшы халық сеңдей соғылысып, кеңсе алдында кес-кестеп жүр. Олардың барлығы қалтасындағы қаржысын еселеп көбейту үшін тапқан-таянғандарын  қаржы ұйымына салып қойғандар. Арасында 100 мың теңгелерін «миллиондап қайтарып алдық» дегендер де табылып жатыр.

Салымшы:

— Адамдар маңдай термен тапқан 100 мыңын әкеп, миллионнан алып жатыр. Қазір көрсетейін бе?Міне, қараңыз,2 миллион 400 мың  теңге алдым. Мешіт салып жатқан адаммын. Ертең бәлен кірпіш алам.

Осылайша   қаржысын күдікті мекемеге салып үлгергендер клубтың жабылуына алаңдаулы. 

Салымшы:

Қаланың бюджетіне де қыруар миллион кіріс түсіріп жатыр. Салық төлеп жатырмыз.

Дегенмен қаржы полицейлері тексеруге қызу кірісті. Петропавлдағы бөлімше өкілдері кеше ештеңе ұстатпай, жалтарып үлгерген. Сондықтан осы жолы полиция өкілдері ұйым қызметкерлерін сыртқа шығармай тексеруде.  


Раушан Камдиева, несие ұйымының менеджері
:

— Өзіміз де түсінбей тұрмыз. Сендер шуламай тұра тұрыңыздар. Бізді шығармай жатыр.

Әбден дүрліккен халық құқық қорғаушылардың кеңседен шығуын күтіп тұр. Барлығы ақшаларының тәркіленуіне алаңдаулы.

Сеңдей соғылысқан халық қаржы ұйымына қатысты бүгінгі тексерудің сырын біле алмай дал.

Ахмет Балмашев,Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы:

— Көкшетау қаласының тұрғындарынан Ақмола облыстық департаментіне шағым-арыздар түсті. «Казросинвестпроект» пирамида принципімен халықтың ақшаларын өз тараптарына алып жатыр деген. Арыздар бойынша Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық іс ҚРҚылмыстық кодексінің 107- бабына сәйкес,яғни,алаяқтық бойынша қозғалды. Ал дәл қазір қаржы ұйымы орналасқан ғимаратта жағдай одан әрі шиеленісіп тұр. Салымшылар ғимараттан тексерушілерді шығарар емес. Полиция болса, сырттағы  тұрғындардың әрекетін қадағалауға алды.  

Соңғы жаңалықтар