Көкшетауда әйелдер боксынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда әйелдер боксынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Көкшетауда әйелдер боксынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Көкшетаудағы Қажымұқан атындағы №3 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиада резерві мектебінің спорт кешенінде,

  • 4 Наурыз 2011
  • 502
Фото - Caravan.kz


ҚР ІІІ Жазғы спартакиадасы аясында бокстан 1995-96 және 1993-94 жылдары туған қыздар мен әйелдер әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр. 1 наурыз күні жалауы көтерілген бұл дүбірлі доданың ақтық ойындары 7 наурызда өтеді. Онда жасөспірім қыздар — 14, жастар мен әйелдер 10 салмақ дәрежелері бойынша өзара сайысқа түсіп жатыр. Бұл додаға жасөспірім мен жастар арасында 80-нен астам, ал әйелдер арасында 150-ге жуық былғары қолғап шебері бақ сынауда. Былтыр әйелдер арасындағы ел чемпионаты 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде өткен еді. Оған 150-ден астам спортшы қатысып, жалпы командалық есепте Алматы облысы — бірінші, Жамбыл облысы — екінші, Қызылорда облысы үшінші орын алды. Ал қыздар арасындағы сайыста Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары үздік үштікке кірді.