Көкшетауда ата-аналар футбол алаңы үшін газдан бас тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда ата-аналар  футбол алаңы үшін газдан бас тартпақ

Көкшетауда ата-аналар футбол алаңы үшін газдан бас тартпақ

Көкшетауда тұрғындар балалардың ойын алаңқайын үшін шу шығарды. Олар тіпті оны сақтап қалу үшін орталықтан берілетін газдан бас тартуға дайынбыз деп отыр. Көпқабатты үйде газ баллонын пайдаланатын олар көгілдір отын құбырын футбол алаңы арқылы өткізіп жатқанына қарсы.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz

«Сұңқар» ықшамауданының балалары ғана емес, ересектері де футбол ойнайтын жер қазір құрылыс алаңына айналған. Ал жеткіншектер дәнекерлеу жұмысы қызу жүріп жатқанына қарамастан доп қуып жүр. Бұл мердігер компания осы алаң арқылы көпқабатты үйлерге газ құбырын тартпақ.

Гүлсара Галямова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Біздегі 144 пәтерлі әрбір отбасында 3-4 баладан бар. Енді мүлдем ойнайтын жер қалмайын деп тұр. Анау сақалды құрылысқа барады. Содан қорқамыз. Біз өзі газдан да бас тартамыз, алаңды қалдырсын!

Ашынған жұрт қымбат көлігімен келіп,сырттай бақылап тұрған бас мердігер Рафик Жафаровтың өзіне бас салды. Ал ол әкімдікке сілтейді. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге осыдан 3 жыл бұрын ғана газ құбыры жер астымен тартылған. Дағдарыс уақытында неге тағы жаңа құбыр тартып жатыр дейді олар. Ал әкімдіктегілер бұл сонай Кеңес одағының тұсында бекітілген газдандыру жобасы деп отыр. 

Дулат Жахин, Көкшетау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы :

Бұл Кеңес дәуірінен бергі белгіленген жер. Газды сол жерге тартып жатырмыз. Ал 3 жыл бұрын не болғанын мен білмеймін. Бізде 6 нысан салынып жатыр? Қайдан білейін, жоба жасап бердік қой.

Құбыр тартуға 40 миллион теңге мемлекет қаржысы бөлініпті. Қыс түссе де жұмысты тоқтатпағандарына қарағанда, жыл аяғына дейін қаражатты игеруге жанталасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар