Көкшетауда "барланбаған мұнайгаз қорын GRASP-II бағдарламалық қамтамасыздығын пайдалана отырып бағалау" тақырыбында семинар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда "барланбаған мұнайгаз қорын GRASP-II бағдарламалық қамтамасыздығын пайдалана отырып бағалау" тақырыбында семинар өтеді

Көкшетауда "барланбаған мұнайгаз қорын GRASP-II бағдарламалық қамтамасыздығын пайдалана отырып бағалау" тақырыбында семинар өтеді

19-22-шілдеде Көкшетауда "АҚШ-тың табиғи ресурстарды басқару қызметінің (MMS) GRASP-II бағдарламалық қамтамасыздығын пайдалана отырып барланбаған мұнайгаз қорын бағалау" тақырыбында оқыту семинары өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматыдағы ЮСАИД өкілдігінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2004
  • 507
Фото - Caravan.kz

Семинарды Орталық Азиядағы табиғи ресурстарды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ЮСАИД бағдарламасы (NRMP) мен АҚШ-тың табиғи ресурстарды басқару қызметі (MMS) бірлесе ұйымдастырмақшы.

Оқыту семинарына ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау комитетінің өкілдері қатысады.
Семинар мақсаты — қатысушыларды геологиялық ресурстарды бағалау жөніндегі GRASP-II озық бағдарламалық қамтамасыздығымен таныстыру.
GRASP-II бағдарламалық қамтамасыздығын АҚШ үкіметінің қарамағындағы мұнайгаз ресурстарын игеру жұмыстарын реттеуші федералдық орган болып табылатын MMS қызметі жасап шығарған. Бағдарламалық қамтамасыздық барланған және барланбаған мұнайгаз мұнайгаз ресурстарын геологиялық және геофизикалық тұрғыда бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл модель экономикалық модельдеуді жүзеге асыруға да жол ашады. Мұнымен шектелмей, бағдарлама мұнайгаз операцияларының кірістілігін анықтау үшін мұнайгаз ресурстарын игерудің экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Ол сондай-ақ, мәліметтер қорын құруға, статистикалық ақпараттарды өңдеуге де мүмкіндік береді. Бағдарламалық қамтамасыздықты мұнайгаз ресурстарын игеруге тендер өткізгенде пайдалануға болады. Ол Қазақстандағы табиғи байлық қорын бағалау әдістемелерін жетілдіруге түрткі болады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта