Көкшетауда дәрігерлер қауіпті дертке шалдыққан сәбиді құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда дәрігерлер қауіпті дертке шалдыққан сәбиді құтқарды

Көкшетауда дәрігерлер қауіпті дертке шалдыққан сәбиді құтқарды

Денесінің 60 пайызы зақымдалған қыз бала сегіз күн жансақтау бөлімінде жатқан

  • 2 Ақпан 2018
  • 280
Фото - Caravan.kz

Лайелла синдромына шалдыққан бір жасқа толмаған қыз Ақмола облыстық ауруханасында емделіп шықты.

Айша Мұқашева ауыр хәлде ауруханаға түскен болатын, Лайелла синдромы денесінің 60 пайызын зақымдаған екен. Қыздың әуелі бет-ауызы мен мойыны, кеудесі бөрткен соң, ата-анасы есекжем ауруы деп ойлайды, алайда келесі күні бөртпе сәбидің бүкіл денесіне қаптап кеткен.

"Лайелла синдромы — терінің улы эпидермальды некролизге ұшырауы. Себебі – бактерияға, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмекке, витаминдерге, жөтелге қарсы және ыстықты түсіретін сироптарға қосылатын бояғыш заттарға аллергияның болуы. Сонымен бірге кейбір тағамдар да осы синдромға шалдықтыруы мүмкін. Көбінесе аллергиясы бар ересектер мен балалар осы науқасқа ұшырайды", — деп түсіндірді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Иванова.

Айша сегіз күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін сәбилер бөліміне ауыстырылған, жақында үйіне қайтарылыпты.