Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт 1 тамыз күні түнгі сағат 04:38 минут шамасында Көкшетау қаласындағы Абай көшесінің бойында орналасқан жеке меншік үйде болған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 27 адам мен 9 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1966 жылғы ер адамның мәйіті табылды.