Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, полицияға 26 жастағы жәбірленуші үй кіреберісінің алдында ек белгісіз адам травматикалық қарумен ішінен атып, ұялы байланыс ақысы терминалынан түскен 2 млн. теңге көлеміндегі екі сөмкені тартып алып кеткенін хабарлады.
Бірнеше күн бұрын фирма директорының орынбасары екі инкассаторына барлық терминалдардан ақшаны алу туралы тапсырма берілгендігі анықталды.
«Алынған ақшаның жалпы сомасы шамамен төрт миллион теңгені құрады. Кеңсенің жабық болуына байланысты олар жәбірленушінің үйіне ақша салынған үш сөмкемен келеді. Кіреберісте инкассаторларға белгісіз біреулер шабуыл жасап, екі сөмкені алып, іздерін суытады. Үшінші сөмкені қылмыскерлер алып кете алмады. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде»,-деді ресми өкіл.