Көкшетауда найзағай жүздеген тұрғынды ауыз сусыз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда найзағай жүздеген тұрғынды ауыз сусыз қалдырды

Көкшетауда найзағай жүздеген тұрғынды ауыз сусыз қалдырды

Көкшетаудың іргесіндегі тұтас бір ауыл  екі айдан бері тіршілік нәрінен тарығып отыр. Өйткені су айдайтын генераторға найзағай түсіп, күйіп кеткен. Содан бері қондырғыны ауыстыруға тиісті орындар асығар емес. Ал тұрғындар ауыл сыртындағы құдықтың суын ішіп жүр. Оның өзін сағаттап кезек күтіп, өрт сөндіру шлангасымен сорғызып алады екен.

  • 11 Қараша 2015
  • 246
Фото - Caravan.kz

Қонысбай ауылындағы 250 отбасы тіршілік нәрін іздеп, осылай сабылып жүреді. Жаңбырда найзағай түсіп, күйіп кеткен су қондырғысының жөнделетін түрі жоқ. Жалғыз су көзі ауыл сыртындағы мына құдық. Ал ондағы генераторда жанармай болмай қалса, сабылған жұрт құтыларын сартылдатып бос қайтады.

Майра Қожағұлова, Қонысбай ауылының тұрғыны:

-Сағат 3-те келеміз, 4-5 ке дейін тұрамыз. Ертең аяз болғанда қалай тұрамыз біз?Қалай аламыз суды? Кеше бензин бітіп қапты. Қалаға бардық.

Бүкіл ел құдыққа салынған өрт сөндіру шлангасына телміріп тұрады. Одан су алу да тегін емес. Ай сайын кісі басына 300 теңгеден төлеу керек. Судан тарыққан жұрт жөндеуге деп те ақша жинап берген. Бірақ қызмет көрсететін кәсіпкер тұрғындардың өзін кінәлап дүрсе қоя берді.

Балқия Шарапова, кәсіпкер:

-Суды шлангамен беруге қақы жоқ.  Ол аяп беріп тұр. Трансфоматорға ақша шығаруға болады ғой. Сараңсыңдар. 50-ақ үй берді. 250 үй бар. 

Бұл әйелдің бұлайша сөйлеуі тегін емес. Өйткені ауылдағы құдық та, бүкіл су жүйесі де осының ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Енді баласымен қосылып, су іздегендерге зіркілдеп тұр. Жекенің қолында болса да, жұрт шу шығарған соң мәселеге әкім де араласты. Тіпті ақша жинап, трансформатор да орнатыпты. Бірақ ол да көп ұзамай істен шыққан. Ал жаңасы 1 миллион теңге тұрады.


Серік Сабыров, Қонысбай ауылдық аймағының әкімі:

-Ақшаны біз жинаған жоқпыз. Ақшаны кісілер өздері жинады жағдайларына қарап. Трансформаторға ма,насосқа ма ИП өзі жинады. Бір кісіден трансформатор таптым ескі.  Ол істемей қалды. Осы жұманың аяғына дейін осы мәселе шешіледі.  

Ал құбырды жеке меншігіне алған кәсіпкер жаңа қондырғы сатып ала алмаймын деп тұр. Бірақ тұрғындардан уақытылы ақысын төлеулерін талап етуін қояр емес. 

Соңғы жаңалықтар