Көкшетауда өлі деп саналған қыз үйіне оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда өлі деп саналған қыз үйіне оралды

Көкшетауда өлі деп саналған қыз үйіне оралды

Ақмола облысының тұрғыны шетінеп кетті деген қызын 14 жылдан соң жетімдер үйінен тапты, деп хабарлады КТК телеарнасы. Ақмола облысынд

  • 23 Тамыз 2017
  • 705
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының тұрғыны шетінеп кетті деген қызын 14 жылдан соң жетімдер үйінен тапты, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Ақмола облысында перзентханада шетінеп кетті деген қызын 14 жылдан кейін жетімдер үйінен тапқан ата-ана акушерлердің жазалануын талап етуде. Өйткені, тұңғыштары солардың кесірінен "тірі жетім" атанғанына сенімді. Ақтас ауылында тұратын ерлі-зайыпты Бейсеновтар қазір өз баласын өздері асырап алу үшін құжат әзірлеп жатыр. Алғашында, бұл жағдайға сенер-сенбесін білмеген отбасы қыздарын жұртқа көрсетуге батпаған екен.

14 жыл тастанды атанып, жетімдер үйін паналаған Бақыт қазір расымен бақытты. Бір күнде ата-анасы табылып, бауырларымен де қауышты. Ал 2 қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты Бейсеновтар осылайша қатарларына тағы бір қыз қосылып, көпбалалы отбасы атанып отыр.

Ал 14 жыл бұрынғы оқиға Көкшетаудағы мына перзентханада болған. Ауылдан қалаға әжелеріне қонаққа келгенде толғатып қалған Толқын осында жеткізіледі. Сөйтіп, жүктілігінің 5-6 айында босанған. Босанудың ауыр болғаны сонша, тұңғышымның жылап туғанын ести алмай, есім кіресілі-шығасылы болды дейді ол.

"Бар есімде қалғаны палатаға алып келді. Сонда 1 күн жаттым.Жылап-жылап, мені шығарып жіберді", — деді Бақыттың анасы Толқын Бейсенова.

Көп кешікпей 2 қызы – Фариза мен Ұлжан бірінен соң бірі дүниеге келген. 7 ай бұрын Бейсеновтар ұлды болыпты. Ал тұңғыштарының сол жолы 900 грамм болып туып, жетілуі үшін ауруханада арнайы инкубаторда жатқанын олар білмеген. Дәрігерлер бала өлі туды деген соң ауруханадан шығып кеттім дейді Бақыттың анасы. Қыздың тірі қалғанын бір ай бұрын естігенде, ата-анасы естен тана жаздапты.

"Бас тарттым деп ештеңеге қол қойған жоқпын. Ештеңе жазған жоқпын. 14 жылда қыз мысалы қаңғырып қайда жүрді, кіммен болды, білмейміз ғой. Бір кінәлі адам болу керек. Жауап беру керек", — дейді Бақыттың анасы Толқын Бейсенова.


Бірақ жауапты ешкім бермейтін сыңайлы. Өйткені, облыстық прокуратураның нұсқауымен Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген. Ал олар Бақыттың анасының сөзін жоққа шығарып отыр.

"Барлық мұрағатты ақтарып, осы баланың туу туралы қағаздарын көрдік. Онда, міне, жедел жәрдем қағазына дейін сақталған. Сол уақыттағы заңдылықта 6 айлық шала туған бала "түсік" болып есептелетін. Қазір тірі адам деп тіркеледі. Анасын дәрігерлер іздемеді дегені бекер. Міне, жедел жәрдем берген мекен-жай бойынша оны іздеп барып, баланың аман екенін айтқан қағаз да бар", — дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлова.

Қыз осылайша әке-шешесі бас тартқан сәби ретінде перзентханадан Щучьедегі сәбилер үйіне жіберіпті. Әзірге бұл – қызметтік тексерістің қорытындысы ғана. Істің толық мән-жайын құқық қорғау орындары енді анықтайды.