Еске сала кетсек, 1 қараша күні 18:35 минут шамасында Көкшетау қаласында 20 жастағы ер адам өзін пәтеріндегі жуыну бөлмесінде азаматтық некедегі әйелі және әкесінің көзінше үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді. Кейін ол 1 дәрежедегі (97 пайыз) күйікпен Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Алайда, өте ауыр хәлде түскен оның өміріне араша түсу мүмкін болмады. Кеше, яғни, 3 қараша күні сағат 15:20 шамасында күйік шалған жігіт ауруханада көз жұмды», — деп түсіндірді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.