Көкшетауда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды

Көкшетауда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды

Көкшетауда үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіт көз ауруханада жұмды.  Бұл туралы Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков мәлім етті.

  • 4 Қараша 2015
  • 624
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетсек, 1 қараша күні 18:35 минут шамасында Көкшетау қаласында 20 жастағы ер адам өзін пәтеріндегі жуыну бөлмесінде азаматтық некедегі әйелі және әкесінің көзінше үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді.  Кейін ол 1 дәрежедегі (97 пайыз) күйікпен Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады.  Алайда,  өте ауыр хәлде түскен оның өміріне араша түсу мүмкін болмады. Кеше, яғни, 3 қараша күні сағат 15:20 шамасында күйік шалған жігіт ауруханада көз жұмды», — деп түсіндірді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.


Соңғы жаңалықтар