Көкшетауда өз-өзіне қол салған әуежай басшысының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда өз-өзіне қол салған әуежай басшысының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Көкшетауда өз-өзіне қол салған әуежай басшысының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Басынан дау арылмаған Көкшетау әуежайында басшылардың бірі өз-өзіне қол салды. Бас директорының орынбасары Олег Чернышев жұмыс орнында асылып өлген. Марқұмның әкесі де, баласы мен әйелі де осы әуежайда талай жылдан бері қызметте. Сол туыстары суицид себебін қызмет бабымен байланыстырып отыр.

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бас директордың орынбасарлығына небәрі 4 ай бұрын тағайындалған Олег Чернышев соңғы күндері денсаулығына байланысты демалыста жүрген екен. Бірақ өткен сенбі күні оны басшысы аяқ астынан жұмысқа шақыртыпты. Тіпті, әуежайға сол күні Астанадан бұрынғы басшысы да келген. Олардың бұлай жанұшыра жиналуына жақында өткен тексеріс себеп болған көрінеді. Осыдан кейін Алексейдің әуежайдың жертөлесінде асылып тұрған денесін сонда жұмыс істейтін баласы тапқан.

Оксана Скворцова, марқұмның қарындасы

-Сол жерде әуежай басшылары байланыса кетті. Екеуінің жанжалдасып шығып кеткенін байқап соңынан шықсам, бұрынғы директорына қазіргісі жұдырық ала жөнелді. Екеуін айырмақ болдым.Мынадай жағдай болып жатқанда бұларың не дедім. Сонда естігенім «оған неге телефон шал деп айттың?» дегендері.

Инженерден директордың орынбасары қызметіне тағайындалған Олег Чернышев соңғы күні ұжыммен де, басшылармен де кездескен. Бірақ еш кикілжің болған жоқ,- дейді әріптестері.

Александр Ковальчук, «Көкшетау халықаралық әуежайы» АҚ инженерлік-авиация қызметінің бастығы

-Чернышевпен көп жылдар бірге жұмыс істедім. Тұйық адам еді. Неге олай болғанын білмеймін. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр.

Астанадан арнайы келген комиссиямен бірге полиция да тексеріс жүргізіп жатыр. Олар бірден әуежайдың директоры Жанат Кольчуковты қызметінен босатқан. Бірақ, ресми себебін түсіндірмеді. Бір анығы, әуежай қызметкерлері соңғы 3 айда жалақы алмаған. Және де халықаралық мәртебе беріліп, 9 млрд теңгеге қайта жөндеу жасалған әуежай ғимараты әлі мемлекеттік қабылдаудан өтпепті.

Соңғы жаңалықтар