Көкшетауда полиция қызметкерлері атышулы "ҚазРесейИнвестжобасының" инвесторын ұстап алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда полиция қызметкерлері атышулы "ҚазРесейИнвестжобасының" инвесторын ұстап алды

Көкшетауда полиция қызметкерлері атышулы "ҚазРесейИнвестжобасының" инвесторын ұстап алды

Көкшетауда микронесиелік атышулы "ҚазРесейИнвестжобасы" ұйымының инвесторы Бақыт Әділова ұсталды, деп хабарлады осы ұйымның директоры Маржан Мұқанова.

  • 2 Маусым 2011
  • 334
Фото - Caravan.kz



Оның айтуынша, өзін және Б.Әділованы өткен сәрсенбіде кешке облыстық ішкі істер департаментіне сұраққа жауап алу үшін алып кеткен.
М.Мұқанова республиканың Қылмыстық кодексінің 177 бабы 3-бөлімі (ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қылмыстық істің қозғалғандығы туралы қаулымен және серіктестіктің қызметіне қатысты түскен арыздармен таныстырылған, сосын үйіне жіберілген.
Ал бейсенбіде «ИФ-Қазақстан» агенттігіне қалалық прокуратурадан хабарлағандай, бұл іс өндірісі ІІМ қарауына өткізілген.
Алдында хабарланғандай, «ҚазРесейИнвестжобасы» ЖШС-не қатысты жанжал 26-мамырда басталған, онда жүздеген салымшы бұл ұйымды полицияның іс-қимылдарынан қорғап қалуға әрекеттенген.
Бұл несиелік ұйым 100 мың теңге салған әр салымшыға аз уақыт ішінде 400 мың теңге беруге уәде еткен.
Қазақстанның шағын несиелік ұйымдар ассоциациясы бұл ЖШС-ін алаяқтық жасап отыр, деп атап өтті және Қазақстан халқын мұндай ұйымдармен жұмыс істегенде аса сақ болуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар