Жарияланды: 420

Көкшетауда қаржы пирамидасын қолдап, рұқсат етілмеген митинг өтіп жатыр

Көкшетауда қаржы пирамидасын қолдап, рұқсат етілмеген митинг өтіп жатыр

Қала басшылығы құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, дауыс зорайтқыштар арқылы жиналғандарды митингті тоқтатып, үйлеріне таралуға шақырды.

«Бұл митинг заңсыз, адамдар осыны түсінуге тиіс. (Митин өткізуге - ҚазТАГ) өтініш «ҚР-да жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңын бұзу арқылы берілді», - деп мәлім етті Көкшетау әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова. «Өтйпеген жағдайда, біз сіздерді ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартуға мәжбүр боламыз», - деді ол жиналғандарға. ҚазТАГ тілшісіне әкімнің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсия Хамитова мәлімдегендей, Көкшетау әкімдігі қала тұрғындарына митинг өткізуге рұқсат бермеген. «Салымшылар митинг өткізуден 3 сағат бұрын келді, заң бойынша 10 күн бұрын өтініш беру керек. Сондай-ақ, митингті өткізу орны да белгіленуге тиіс», - деді Ә. Хамитова. Бұрын хабарланғандай, Көкшетауда алаяқтық жасады деген күдікпен «КазРосИнвестпроект» ЖШС қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Бақыт Әділова ұсталды. Ал салымшылар Б. Әділованың қамауға алынуымен келіспей отыр, олар пирамиданы ұйымдастырушыларға халықтың ақшасын қайтаруға мүмкіндік беру керек деген пікірде. Салымшылар наразылық акцияларын өткізе бастады. «Біз көп қаржы салдық, көбі несие алды, ал енді бізге өз ақшамызды қайтару үшін күресу ғана қалды», - дейді салымшылардың бірі. Еске сала кетейік, «Алатау» сауда орталығында орналасқан ұйым соңғы 3 ай бойы лицензиясыз жұмыс істеген. Халықтан займдар алып, бір айдың ішінде 3,5 есе көбейтіп қайтарған. Қазір фирманың есепшоттары қамауға алынды. Ұйымның басшыларына қатысты ҚР ҚК 177 б. 2б. «а» тармағы бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы топтасып жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Салымшылар күш құрылымдары қызметкерлерінің фирманың кеңсесінен ішіне құжаттар мен ақша салынған сейфті алып шығуға кедергі жасаған, алайда тәртіп сақшылары «тірі дәліз» жасап, сейфті алып шыцқты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть