Көкшетауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

Көкшетауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

Көкшетауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды, деп қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Шiлде 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Көкшетау қалалық мәслихаты қоғамдық көліктегі жолақыны көтеру туралы тасымалдаушылардың өтінішіне қолдау білдірді», — деді әкімдіктегілер.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, мәслихат шешімін заң орындары қарап шыққан соң, қоғамдық көліктегі жолақы ересектерге Т45 ал 7-ден 15-ке дейінгі жастарға Т20 болады.

Әзірге Көкшетаудағы қоғамдық көліктегі жолақы ересектер үшін Т35 ал балаларға Т15 болып қалып отыр.

Еске салсақ, Павлодарда 1 шілдеден бастап автобустар мен микроавтобустардағы жолақысы Т5-ке қымбаттап, сәйкесінше Т40 және Т45 болды. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов онда қоғамдық көлік жолақысының көтерілетіндігі туралы қауесетті растамады. «Қоғамдық көлік жолақысының қымбаттайтындығы туралы қауесет шындыққа жанаспайды», — деді ол жұма күні.

Соңғы жаңалықтар