Көкшетауда саудагерлер дауласып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда саудагерлер  дауласып жатыр

Көкшетауда саудагерлер дауласып жатыр

Көкшетауда саудагерлер өзара дауласып жатыр. Қала әкімдігі жабайы сауда орындарын ретке келтіре алмағандықтан, орталық базардың сатушылары тәртіпті өздері орнатуға кірісті. Олар бүгін базар сыртында орын жалдамай, салық төлемей,сауда жасап тұрған бәсекелестерін қуып шықпақ болды.

  • 16 Маусым 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

Дау өткен жазда басталған. 200-ге жуық сатушыдан әкім-қаралар орталық базар маңындағы саудаларын тоқтатуын сұрағанда, олар наразылыққа шығып, тіпті аштық та жариялаған. Бірнеше аптаға созылған дау-дамайдан соң  әкімшілік базарға жақын жерден оларға арнайы орын жасақтап берген болатын.

Қазір  бұл жерде саудагерлер жеміс-көкөнісін сатып тұрулары керек. Бірақ олар тағы да көпшілік жүретін жерге көшіп алған. «Өйткені әкімдік берген базар маңындағы тасалау жерде саудамыз жүрмейді» -дейді сатушылар.

Көпшілік жүретін жерде сауда  қызып тұр. Жабайы сауда орындарындағы баға орталық базардағыға қарағанда әлдеқайда төмен.

 Сатушы:

— Бұларға өзі ешқандай заң әсер етпейді. Оларда отбасы бар, бізде жоқ па? Қаншама ақшаны салыққа, жалға төлейміз!

Шынымен де бұл дауға себеп – бәсекелестік. Орталық базар ішінде орын да қымбат. Мұндағы саудагерлер ай сайын 70 мың теңгеге орын жалдайды. Сондықтан тауар бағасының қымбат болуы орынды. Осы жағдайға байланысты орталық базардың сатушылары құзырлы орындардың барлығына шағымданған. Бірақ тәртіп сақшыларынан да, әкімшіліктен қайран болмай отыр.


Нұрбек Кенжеболатов,
Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы:

— Ішкі істер бөлімі басқа да құзырлы орындармен бірігіп, күн сайын рейд өткіземіз. Жыл басынан бері 200-ден аса хаттама, 300-ден аса ескерту жасалды. Орын да берілді, тіпті басқа базарлардан орын бердік. Бірақ, сол үйренген жерлерінен кеткілері келмейді, өзіміз де шаршадық.

Саудагерлер айқайласып, тарап кетті. «Құзырлы органдардың әлі келмеген заңсыз саудагерлермен ісіміз бұнымен біткен жоқ» — дейді орталық базардың сатушылары.  

Соңғы жаңалықтар