Көкшетауда тағы да электр торабы төңірегінде дау туды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда тағы да электр торабы төңірегінде дау туды

Көкшетауда тағы да электр торабы төңірегінде дау туды

Көкшетауда тағы да электр торабы төңірегінде дау. Бұл жолы екі бірдей көпқабатты тұрғын үйге электр қуаты шамадан тыс беріліп, тұрғындардың тұрмыстық техникасы күйіп кетті. Онымен қоймай, мұндағы 200-ге жуық отбасы жарықсыз қалды. Жұрт енді бұл жағдай үшін кім жауап беруі тиіс екенін біле алмай басы қатуда. Өйткені пәтер иелерінің кооперативі мен электр таратушы мекеме кінәні бір-біріне сілтеп отыр.

  • 6 Қазан 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

Бұл үйлерге электр жарығы соңғы  бір  жарым ай бойы аз беріліп келген.   «Әлсіз жанған жарықтың бірден қуаты артып кеткеннен кейін тұрмыстық техникамыз түтіндей жөнелді» — дейді тұрғындар. Сөйтіп, жалп еткен жарық енді мүлдем өшкен. Таңертеңнен сабылған халық бұл жағдайды тиісті орындардың барлығына хабарлапты.

Қуаныш Лаубаев, Көкшетау қаласының тұрғыны:

— Ең бірінші түтін шығып,  сатыр-сұтыр етіп,  бәрі  істен шықты. Үйімде  тоңазытқышым күйіп кетті.  Сымдардың бәрі ескірген. Ақшаны  төлейміз ғой. Енді олар да  дұрыс жұмыс көрсетуі керек қой. … ешкімге ештеңе керегі жоқ.

Жұрттың айтуынша, бұл үйде электр жарығына қатысты түйткіл бұған дейін де болған. Өйткені сымдар мен қондырғылардың бәрі ескірген. «Оны ауыстырмайынша,  мәселе шешілмейді», — дейді тұрғындар.

Нина Малицкая, Көкшетау қаласының тұрғыны: 

— Мына электр қондырғысы 1969 жылдан бері тұр. Не деген сұмдық?! Ауыстыруға болмай ма? Бала-шаға, қарттар бар. Адам күйіп қалса ше?

Кейбір пәтерде тіпті қатарынан тоңазытқыш, компьютер, теледидар күйіп кеткен. Нақты шығынды есептеуге сол электр жарығының жоқтығы қолбайлау болып тұр. Әрі бұған қай мекеменің кінәлі екені белгісіз. 


Марат Есілбаев, пәтер иелері кооперативінің электригі:

 Тұйықталған қала желісінің кабелі, үйге баратын кабель.  Сол жақтан мамандар келген,  «ауыстырамыз»деген. Білмеймін, әлі жоқ.

Тұрғындар ақыры қайта-қайта хабарласып, Көкшетау қалалық электр торабының мамандарын да шақыртты.

 Наиль Галиев «Көкшетау қалалық электр торабы» ЖШС маманы: 

— Не болғанын әлі білмеймін. Маған электр қондырғыларын тексеруге әзірге рұқсат берілген жоқ. Міне, диспетчерге хабарласып отырмын.

Қалалық электр торабының басшылары бұл жағдайға  «біздің кінәміз жоқ»  деп шорт кесті. Олардың ойынша, келеңсіздік пәтер иелері кооперативінің кесірінен орын алып отыр. Яғни екі мекеме бір-бірін кінәлаумен әлек. Ал тұрғындар шығынды кімнен өндіріп аларын білмей дал.