Көкшетауда түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті

Көкшетауда түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы ЕЦ-166/24 түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі Ғалымжан Хасеновқа сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Төтенше оқиға 17 тамызда болған. Жүріп-тұру еркіндігіне ие екі сотталған күнделікті тұтыным тауарларын әкелу үшін дүкенге кеткен күйінде мекемеге қайта оралмаған», — деді Ғ. Хасенов.

Оның айтуынша, қашып кеткен екі тұтқын да бұрын бірнеше мәрте сотталғандар. Олардың біреуі — мамырда, екіншісі — келесі жылдың қараша айында бостандыққа шығуға тіис болған.

Қазір оларды іздестіріп табуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар