Caravan Logo

Көкшетауда түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті

Көкшетауда түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті

"Төтенше оқиға 17 тамызда болған. Жүріп-тұру еркіндігіне ие екі сотталған күнделікті тұтыным тауарларын әкелу үшін дүкенге кеткен күйінде мекемеге қайта оралмаған", - деді Ғ. Хасенов.

Оның айтуынша, қашып кеткен екі тұтқын да бұрын бірнеше мәрте сотталғандар. Олардың біреуі - мамырда, екіншісі - келесі жылдың қараша айында бостандыққа шығуға тіис болған.

Қазір оларды іздестіріп табуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде.