Көкшетауда ҰОС ардагерінің орденін жымқырып кеткен пәтер тонаушы қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда ҰОС ардагерінің орденін жымқырып кеткен пәтер тонаушы қолға түсті

Көкшетауда ҰОС ардагерінің орденін жымқырып кеткен пәтер тонаушы қолға түсті

Көкшетауда ҰОС ардагерінің орденін жымқырып кеткен пәтер тонаушы қолға түсіп,  үстінен қылмыстық іс қозғалды.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 553
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұл жолы пәтер тонаушы Көкшетау қаласының тұрғыны 60 жастағы әйелдің пәтеріне түскен.  Осыған дейін бірнеше рет сотталған күдікті үй иесінің әкесіне —  ҰОС ардагеріне тиесілі орденді қолды қылған.

Тексеріс барысында анықталғандай, күдікті соңғы 3 айда 20 рет ұрлық жасаған. Ол қолына түскен барлық затты емес, тек ішіндегі құндыларын ғана алып отырған. Барлық жағдайда ол бірінші қабаттағы терезесінде темір торы жоқ пәтерлерге түсіп отырған.


Қазіргі кезде, ұры құрықталып, қылмысын мойындады.  Сондай-ақ,  оның үстінен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша оқшаулау абақтысына тоғытылды», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар