Көкшетауда ҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар цехын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда ҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар цехын анықтады

Көкшетауда ҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар цехын анықтады

Көкшетауда Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және өткізуге қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Мамыр 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

"Топтың үш мүшесі қару-жарақ пен жарылғыш құрылғылардың кезекті партиясын сатуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Астыртын цех ұсталғандардың бірінің жекеменшік үйінде болған", — деді ҰҚК өкілдері.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан жеті жауынгерлік тапанша, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 оқдәрі, сондай-ақ қару-жарақты модификациялауға және дайындауға арналған құрал-саймандар тәркіленген.

Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Мамыр айында Қазанда (Ресей) болған қайғылы оқиға атыс қаруы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.


Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымы арнайы іс-қимыл және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі", — деді ҰҚК өкілі.