Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі ұсталды
Полицияға Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғыны шағымданды. Ер адамның сөзіне қарағанда, 23 қазанда оны үйінің жанында белгісіз бір жүргізуші көлігімен қағып кетіп, кейін қашып кеткен. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. |
Полицейлер жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіні бір апта өткен соң ұстады. Анықталғандай, көлікті 33 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін мойындады. Оның әрекетінде ҚР ҚК-нің 296 бабы, 1 бөлімінде көрсетілген (жол қозғалысы ережесін бұзу) қылмыс құрамы бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін