Көкшетауда жол-көлік оқиғасы салдарынан облыстық қаржы полициясының 2 қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда жол-көлік оқиғасы салдарынан облыстық қаржы полициясының 2 қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды

Көкшетауда жол-көлік оқиғасы салдарынан облыстық қаржы полициясының 2 қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды

Көкшетауда жол-көлік оқиғасы салдарынан Ақмола облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің 2 қызметкері қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

  • 21 Шiлде 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдірахманованың айтуынша, қайғылы оқиға 21 шілдеге қараған түні Көкшетау қаласындағы Сүлейменов көшесінде орын алған. Оқиға орнында көліктегі жолаушылардың бірі қаза тапса, ауруханаға жеткізілгеннен кейін тағы бір адам көз жұмған. Тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. «БМВ көлігінің 1986 жылы туған жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Соның нәтижесінде көлік жол жиегіне шығып, көше шамдарының 3 бағанына соғылған», — деді ол.

Оның атап өтуінше, жол-көлік оқиғасына душар болған барлық азаматтар қаржы полициясының қызметкерлері.