Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған бұл жолғы жəрмеңкеге Бұланды, Бурабай, Қорғалжын, Целиноград аудандарының және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi қатысты.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 60-қа жуық азық-түлік өнімі әкелініпті. Олардың жалпы құны 157 миллион теңгені құрады. Оның ішінде ет, ұн, сүт өнімдері мен балық, жұмыртқа, қант, күнбағыс майы тəрізді азық-түлік түрлері нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан сатылды.