Көкшетаулық футболшылар Стара-Загора қаласындағы құрдастарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаулық футболшылар Стара-Загора қаласындағы құрдастарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты

Көкшетаулық футболшылар Стара-Загора қаласындағы құрдастарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты

Түркиядағы соңғы оқу-жаттығу жиынының аясында кеше «Оқжетпес» футбол командасы Стара-Загора қаласының «Берое» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 25 Ақпан 2012
  • 336
Фото - Caravan.kz

Былтыр Бірінші лигада 2-орын алған көкшетаулықтар Болгария чемпионатында 2010/11 жылы «А» тобында 7-орын алған қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. 2010 жылы Болгария кубогын иеленген «Берое» биыл Премьер-лигаға қайта оралғалы отырған «Оқжетпестің» қақпасынан саңылау таба алмай, пұшайман болды. Бұл ойында көкшетаулықтар сапынан грузиялық легионер Давид Чагелишвили екі рет, ал Тимур Досмағамбетов пен Абылайхан Махамбетов бір-бір рет көзге түсті.

Олар келесі жолдастық кездесуін ертең «Минск» футбол командасымен өткізбек. Беларусь астанасының аяқдопшылары өткен маусымда Жоғары лигада 9-орын алған болатын. 2010 жылы Жоғары лигада қола жүлдегер атанған бұл команда 2006 және 2008 жылдары Бірінші лигада топ жарған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера