Жарияланды: 430

Көкшетаулық салымшылар прокуратурадан микрокредиттік ұйымды тексеруден қорғауды талап етуде

Көкшетаулық салымшылар прокуратурадан микрокредиттік ұйымды тексеруден қорғауды талап етуде

Көкшетаудағы «ҚазРосИнвестпроект» ЖШС-нің салымшылары аймақтағы құқық қорғау орындарынан микрокредиттік ұйымның жұмысына кедергі келтірмеуді талап етуін тоқтатқан жоқ.

«Қазіргі кезде салымшылар тарапынан 520 арыз тіркелді. Арыздар негізінен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу және полиция қызметкерлерінің салымшыларға күш қолданғаны туралы жазылған», - деп дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық прокуратура өкілдері хабарлады. Прокуратурадағылардың айтуынша, «Қазір барлық арыз тексеріліп жатыр. Олардың бәрі де қаралады, содан соң қаржы полициясына беріледі». Ал, «ҚазРосИнвестпроект» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры Маржан Мұқанова бізге өзін прокуратураға шақыртқанын айтты. Ол «табыстың қайдан шығатынын және 100 мың теңге салған салымшы қалайша өз салымын 4 есе көбейтетінін» түсіндіріп беруі керек. «Біз прокуратураға бизнес жоспары мен табыс жолдары көрсетілген схеманы көрсетуіміз керек», - деді М.Мұқанова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть