Жарияланды: 450

Көкшетаулық санэпидқадағалау қызметі кондитер цехының жұмысын тоқтатты

Көкшетауда өнімінен ішек инфекциясының қоздырғыштары табылған кондитерлік цех жабылды.

«Зертханалық жағдайда тексеру барысында өнімнен сальмонеллез қоздырғыштары табылды», - деп мәлім етті облыстық санэпидқадағалау департаментіндегі дереккөз. Оның айтуынша, Көкшетаудың 40 сауда нүктесінде сатылған өнімнің бәрі жедел түрде тәркіленді. Алайда 22 адам, соның ішінде 6 бала қаладағы медициналық мекемелерге көмек сұрап барған. «Барлығына уақытында көмек көрсетілді, олар қазір ауруханадан шықты», – деді дереккөз. Цехтың жұмысы тоқтатылды, сот қаланың экономикалық сотына жолданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін