Көкшетаулық санэпидқадағалау қызметі кондитер цехының жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаулық санэпидқадағалау қызметі кондитер цехының жұмысын тоқтатты

Көкшетаулық санэпидқадағалау қызметі кондитер цехының жұмысын тоқтатты

Көкшетауда өнімінен ішек инфекциясының қоздырғыштары табылған кондитерлік цех жабылды.

  • 22 Маусым 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Зертханалық жағдайда тексеру барысында өнімнен сальмонеллез қоздырғыштары табылды», — деп мәлім етті облыстық санэпидқадағалау департаментіндегі дереккөз.

Оның айтуынша, Көкшетаудың 40 сауда нүктесінде сатылған өнімнің бәрі жедел түрде тәркіленді.

Алайда 22 адам, соның ішінде 6 бала қаладағы медициналық мекемелерге көмек сұрап барған. «Барлығына уақытында көмек көрсетілді, олар қазір ауруханадан шықты», – деді дереккөз.

Цехтың жұмысы тоқтатылды, сот қаланың экономикалық сотына жолданды.

Соңғы жаңалықтар